Өнімнің сыртқы түрін көшіруге қатысты хабарлама шығарылды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі — Департамент), «SAMURAJ» өнімін өндіру кезінде «VelDes Premium» ЖШС тарапынан «KABUKI» тауар белгісінің алкоголь өнімінің сыртқы түрін көшіруге қатысты «Global Wine Distribution» ЖШС-нің шағымы қаралды.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағында «KABUKI» тауар таңбасы ретінде «Global Wine Distribution» ЖШС-нің атына тіркелгені, ал «SAMURAJ» тіркелмегені және тауар таңбасы ретінде тіркеуге берілмегені анықталды.

Сонымен қатар, «KABUKI» және «SAMURAJ» сауда таңбалары бір-біріне ұқсас.

Осыған байланысты, Департамент Серіктестіктің атына жосықсыз бәсекелестік белгілері бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тоқтату туралы, атап айтқанда тауар өндірушіге қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін өнімнің сыртқы түрін көшіру туралы және оның салдарын жою туралы хабарлама шығарды.

Қазіргі уақытта Департамент хабарламасын Серіктестік орындады.